Shejire

Тұрғанбай датқа

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Тұрғанбай Датқа (шамамен 1804–1850) — батыр, Түркістан маңындағы Шілік (Шәуілдір) жерін билеген. Қыпшақ сонын ішінде Құтым руынан шыққан. Сыр қазақтары Әлімхан Нарботаұлы (1800–1809) кезінен Қоқанға қарап, Мәделі (1822–1842), Құдияр хан (1845–1875) тұсында Ташкент құшбегіне бағынған. Жергілікті қазақтарды басқару үшін сайланған бек (Қанағат шах) Түркістанда болса да билік тізгіні Тұрғанбай Датқаның қолында болды. Ол Түркістанның Күлтөбе деген қақпасында өз бетінше іс жүргізіп, елді хан ретінде билеген. 1846 жылы Қанағатпен бірге Тұрғанбай Датқа Қоқан билеушілеріне қарсы шықты. 1850 жылы Түркістанға бек болған Ырысбек Тұрғанбай Датқаның беделінен қауіптеніп, оны алдап қолға түсіріп, азаптап өлтірді.

Дереккөздер