Shejire

Төрткүлтөбе

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Төрткүлтөбе қалашығы — VIII–XII ғасырлар қалашығы, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Түлкібас ауданы, Шарафкент ауылының батыс шетінде орналасқан.

Зерттелуі

Төрткүлтөбе туралы алғаш 1914 жылы В. Городецкий жазған. Қалашықтың жобасын 1940 жылы Жамбыл археологиялық пункті (жетекшісі Г.И. Пацевич) түсірген. 1982 жылы Шымкент педогогикалық институтының археологиялық тобы, 1997, 2002 жылдары Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тұран археологиялық экспедициясын (жетекшісі М. Елеуов) зерттеген.

Сипаты

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Қалашықтың төртбұрышты аумағы батыста 318 м, солтүстікте 291 м, шығыста 306 м, оңтүстікте 311 м алаң. Биіктігі 7–8 м дуалмен айналдыра қоршалған. Қаланың солтүстік-батыс бұрышында орталық қорған бар. Оның биіктігі 11 м, аумағы 30–50 м. орталығы қорғанға кіретін екі қақпаның орны сақталған. Қақпаның кіре берісінде екі мұнараның, ішкі жағында бір мұнараның, шығыс жағында екі мұнараның, барлығы бес мұнараның орны сақталған. Қаланың 2-бөлігінде тұрғын үйлердің орны айқын көрінеді, ал шығысынан 150 м жерде бекіністі қорған болған. Ол айнала биіктігі 0,5 м-ден 3,5 м-ге дейін, аумағы 70х80 м топырақ дуалмен қоршалған. Қазбадан табылған ерекше заттардың қатарында әр түрлі үлгідегі боялған және боялмаған ыдыстар, тастан жасалған дән үгіткіштер, қол диірмендер, ою-өрнек пен эпиграфиялық жазулары бар тас келілер, келсаптар, астаулар, салтанатты сарайлардың ұстындары мен олардың тұғырлары бар. Оңтүстік Қазақстанның басқа қалаларында кездесе бермейтін осындай үлгідегі заттар бұл қаланың бір кезде саяси-экономикалық және мәдени орталығы болғандығын дәлелдейді.

Дереккөздер

Key facts

Қалануы
VIII–XII ғасырлар
Мәртебесі
Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
42°34′58″ с. е. 70°06′41″ ш. б. / 42.58278° с. е. 70.11139° ш. б. / 42.58278; 70.11139 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Түркістан облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…