Төлеутай Несіпбаев
Place in the family treeBu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Төлеутай Несіпбаев (10.5.1938, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ақтоғай ауылы - 19.02.2020, Алматы) – биология ғылымдарының докторы (1990), профессор (1992), Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері (1979).
Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (1961, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1961 жылдан осы оқу орнының физиология кафедрасында ассистент (1961–1972) доцент (1972–1991) профессор (1991) болды. 1992 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.[[]]
Ғылыми еңбектер
Негізгі ғылыми жұмысы малдың ас қорыту физиологиясының ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Несіпбаев бұзаулардың мес қарнында қанттың, май қышқылдарының мөлшері мен инфузория санының олардың жасына қарай өзгеріп отыратынын; қойлардың мес қарны мен бүйеніндегі ас қорыту процестерінің физиологиялық параметрін анықтады. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
«Процессы пищеварения в рубце и слепой кишке у тонкорунных и кроссбредных овец в зависимости от характера» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Қойларды азықтандырудың физиологиялық негіздері, А., 1980; Жануарлар физиологиясы, 1 – 2 т., А., 1995 – 96; Физиология терминдерінің орысша-қазақша түсіндерме сөздігі, А., 2004.
Марапаттар
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.