Shejire

Төлеубай Ыдырысұлы Аманов

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Үлгі:Infobox writer Төлеубай Ыдырысұлы Аманов (25.8.1923, Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Құрманқожа ауылы – 21.6.1978, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарың докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корр. мүшесі (1972). Уақ тайпасынан шыққан. 1940–42 ж. Семей пед. институтының студенті. 1943 ж. каңтарда соғысқа аттанып, 2-Украин майданында ауыр жарақат алған. 1944 ж. ақпанда Семейге оралып, сол жылы педагогика институтты бітірген соң ұстаздық қызмет атқарды. 1950–1953 ж. Мәскеуде КСРО Ғылым Академиясының Математика институтында аспирант, 1953–63 ж. Семей педагогика институтының проректоры және жоғары математика кафедрасының меңгерушісі. 1969–1970 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институты директорының орынбасары, ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі, 1970 жылдан Математика және механика институтының директоры болды. Амановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру теориясы және оның қолданылатын мәселелері қарастырылған. Докторлық диссертвциясында функциялардың 5В класының тұйық теориясын құрып, кейін сол класқа байланысты мәселелер туралы монография жазды. 50-ден астам ғыл. еңбектің авторы. Семей қаласының орталық көшелерінің бірі және ондағы №16 мектеп, туған ауылындағы орта мектеп және бір көше Аманов атымен аталады.

Дереккөздер

Сілтемелер

Мақтанышымыз түлектеріміз - Семей Мемлекеттік Педагогикалық ... Мұрағатталған 27 сәуірдің 2012 жылы.

Place in the family tree