Тілегенов Бекежан Исағалиұлы
Place in the family treeBu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Үлгі:InfoboxБекежан Исағалиұлы Тілегенов (10 наурыз 1934, Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылы – 10 ақпан 1998, Алматы) — қазақ жазушы. ҚазҮУ-ды бітірген (1957). 1957–1965 жылдары "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде, 1965–1968 жылдары сол кездегі Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінде, 1968–69 жылдары Әдебиет және өнер институттында, 1969–1975 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нде қызмет істеген. 1975–1988 жылдары "Жұлдыз" журналының бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1988–1992 жылдары шығарм. жұмыста болған. 1993–1996 жылдары Қазақстан Тіл комитетінің бөлім бастығы қызметін атқарған. Алғашқы "Таң нұры" әңгімелер жинағы 1965 жылы жарияланған. "Көктемде ызғарлы" (1966), "Сені қайдан табамын" (1985) повестері, "Аққайнар" (1976), "Уақыт" (1981) романдары жарық көрген. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып, "Атамекен" (1986) таңдамалысы басылды. "Құрмет белгісі" (1981) орденімен, медальдармен марапатталған.