Shejire

Шынболат Ділдебаев

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Шынболат Ділдебайұлы Ділдебаев (22 сәуір 1937 жыл, Сұлутөбе, Қызылорда облысы – 7 қараша 1998 жыл, Сәтбаев, Қарағанды облысы (қазіргі Ұлытау) — кеңестік және қазақстандық ақын, термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет кызметкері (1991).

Өмірбаяны

Найман тайпасының Бағаналы руының Ақтаз бөлімінен шыққан. Жезқазған тау-кен техникумын бітірген (1964). 1957–1992 жылдары Жезқазған кенішінің №45 шахтасыңда жұмысшы, ауысым мастері болып істеді. 1980 жылдардан республикалық ақындар айтысына жиі қатысып, жүлделі орындарга ие болды. Онымен қоса шебер термешілдігімен танылды. Шынболаттың заман, адам туралы толғаулары өршіл ақынның асқақ рухын, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін аңғартады.

Өлімі

1998 жылдың 7 қараша күні, Шынболат Ділдебаев жүрек ауруынан көз жұмған. Ақынды кеншілер сарайында соңғы жолға шығарып салды.

Қалған естелігі

Оның «Шындық», «Кенші сыры» (1993), «Жылжиды жылдар» (1997) өлендер жинағы жарық көрді. Ақтөбе, Қызылорда, Сәтбаев қалалары мен Шиелі ауданының құрметті азаматы. Сәтбаев қаласында Кеншілер сарайына Шынболат есімі берілген.

Дереккөздер

Place in the family tree

Key facts

person
Шынболат Ділдебаев
Ұлты
Қазақ
Бағыты
Жырлар, Толғаулар
Туған жері
Сұлутөбе, Қызылорда облысы
Туған күні
22 сәуір 1937 (1937-04-22)
Азаматтығы
КСРО ,Қазақстан
Марапаттары
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1991); Қызылорда қаласының Құрметті азаматы; Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы; Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы; Қызыл…
Қайтыс болған жері
Сәтбаев, Ұлытау облысы
Қайтыс болған күні
7 қараша 1998 (1998-11-07) (61 жас)