Shejire

Шу

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

The district hospital and a WWII monument in Shu, Kazakhstan. They are located across the square from the train station.
Vmenkov · CC BY-SA 3.0

Шу – Жамбыл облысы Шу ауданындағы қала.

Географиялық орны

Аудан орталығы Төле би ауылынан оңтүстікке қарай 8 км, облыс орталығы Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 225 км жерде, Шу өзенінің сол жағында орналасқан.

Халқы

Сөз төркіні

Қала Шу өзенінің құрметіне аталған, ал Шу (қыт. 水) термині қытай тілінен аударғанда «су» дегенді білдіреді. Бірақ, Еркебай Қойшыбай бұл терминнің атауы түркілік рулардың бірі: шу, шуе, шуй, чуе этнонимінен алынған деп болжаған.

Sale of melons on platform railway station of the city of Shu, Zhambyl Province of Kazakhstan.
Юрий Данилевский · CC BY 2.5

Қала туралы

Іргесі 1928 жылы Түркістан – Сібір теміржолын салуға байланысты қаланған. Қала Мойынты – Шу теміржолы қосылғаннан кейін шұғыл дами бастады. 1960 жылдан аудан, 1965 жылдан облыстық бағыныштағы қала болады. Қалада 1995 жылға дейін жөндеу-механика, темір-бетон, қант, сүт өнімдері, автокөлік және құрылыс орындары, баспахана, ауыл шаруашылық техника бірлестіктері болды. Олардың басым көпшілігінің атауы мен құзырлары өзгеріп, экономиканың әр түрлі бағытындағы кәсіпорындар мен мекемелерге айналды. Ірілері: “Шу тепловоз жөндеу зауыты”, “Шу механикалық жөндеу зауыты”, “Шу астық тарату базасы”, “Шатыркөл” мыс кен орны , “Қызыл бидай”, “Шу автокөлік кәсіпорны”, “Шу жолаушы автокөлік кәсіпорны” АҚ-тары және “Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны” ЖШС-і, т.б. кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді. Бұлардан басқа ауыл шаруашығы бағытта 28 шаруа қожалығы, 2 ЖШС және 1 агробірлестік бар. Білім беру және мәдениет орындарынан жалпы білім беретін 10 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 2 колледж, 6 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 2 стадион, мешіттер, т.б. мекемелер бар. Денсаулық сақтау орындарынан 1орталық қалалық аурухана, аумақтық емхана, тубдиспансер, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт және тіс емханасы жұмыс істейді.

Қала көріністерінен

Дереккөздер

Key facts

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Ауданы
Шу
Облысы
Жамбыл
Тұрғыны
45 447[1] адам (2023)
Жер аумағы
24 км²
Оң жағалау
Сортөбе • Бұлар батыр • Ауқатты • Бәйтерек • Өтеген • Қарасу • Қордай • Сарыбұлақ • Қайнар • Көкқайнар • Тасөткел • Еңбекші • Белбасар • Жаңажол • …
Сол жағалау
Оразалы батыр • Шу • Төле би • Жиенбет • Мойынқұм • Мойынқұм • Қ. Ержанұлы • Құмөзек • Қарабөгет • Сарыөзек • Ұланбел • Жайлаукөл • Қамқалы • Шыған…
Телефон коды
+7 72643