Сағынтай Есенғалиұлы Тайбағаров
PersonUpdated: 9/14/2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Сағынтай Есенғалиұлы Тайбағаров (1933 жыл 25 тамыз, Қостанай – 2007 жыл 27 тамыз, Алматы) – медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1973).
Еңбек жолы
1958 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және 1963 жылы аспирантурасын бітірген; 1963 жылдан осы оқу орнында ассистент, доцент болған; 1973-2002 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін атқарған; Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің бас оториноларингологы болған.
Ғылыми еңбектері
Ғылыми еңбектері онкология, фониатрия, көмей аурулары мәселелеріне арналған.