Садақ биі
HistoryUpdated: 9/15/2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
“Садақ биі” — қазақ биі. Музыкасы Е.Г. Брусиловскийдікі. Музыкалық өлшемі 4/4. “Садақ биінің” ырғағы екпінді болып келеді. Алғаш рет осы биді 1934 ж. балетмейстер А.А. Александров қойған. Би шабандоз жігіттердің ат үстінен садақ тарту ептілігін, мергендігін бейнелейді. Ол 1936 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде (“Қыз Жібек” операсында) орындалды; кейін “Садақ биі” қазақ бишілерінің жеке репертуарынан орын алды.