Shejire

Раиса Сәлмағамбетқызы Күзденбаева

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Нагрудный знак лауреата Государственной премии Республики Казахстан
User:Kei · Public domain

Райса Сәлмағамбетқызы Күзденбаева (3 сәуір, 1942 жыл, Ақтөбе – 27 наурыз 2026 жыл) — кеңестік және қазақстандық ғалым-фармаколог, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), ҚР ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері (2001), Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, Қазақстанның Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Өмірбаяны

Күзденбаева АқММИ-ді үздік (1965), Н.И. Пирогов атындағы Ленин орденді Мәскеу мемлекеттік медициналық институтінің аспирантурасын (1968) фармаколог-дәрігер мамандығы бойынша бітірген. Кейін ол медицина ғылымдарының кандидаты (1968), докторы (1982), профессор (1983) атанды. Ол, оған қоса, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (1994), ҚРСМА (1995), ҚР ҰҒА академигі (2003) болды. Ол М. Оспанов атындағы БҚММА құрметті профессоры және 4 монографияның, 300 ғылыми мақаланың, 30 оқу құралының, 20 ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен ақпараттық парақтардың авторы болды. Күзденбаева, оған қоса, орыс-қазақ медициналық-фармакологиялық сөздігінің авторы (2006) ретінде және 28 патент, алдын ала патент пен авторлық куәліктердің иегері, 11 фитопрепарат әзірлеуші ретінде белгілі болды.

1968 жылдан ол — БҚММА фармакология кафедрасының доценті; 1971 жылдан - фармакология кафедрасының меңгерушісі; 2005 жылдан бері ол — «Дәрі-дәрмек жабдықтары, медициналық міндеттегі бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» РМК фармакологиялық орталығының директоры. БФҒҚ Басқармасының мүшесі (1974–1994), РФ фармакологтары ғылыми қоғамының құрметті мүшесі (1995 жылдан), «Эксперименттік және клиникалық фармакология» (РФ), «Орталық Азия журналы», «Қазақстан фармациясы», «Батыс Қазақстанның медициналық журналы» журналдарының редакциялық кеңес мүшесі. Күзденбаева 2026 жылғы 27 наурызда қайтыс болды.

Ғылыми атақтары

Күзденбаева ғылыми атақтарының қатарында:

Нагрудный знак "Отличник здравоохранения Республики Казахстан"
Kei · Public domain

1982 жылы Медицина ғылымдарының докторы 1983 жылы профессор құрметті ғылыми атақтары берілді. 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі болды.

Марапаттары

Күзденбаеваның мемлекеттік марапаттары қатарында осылар болды:

Құрмет Белгісі ордені (КСРО); КСРО Денсаулық сақтау ісінің Үздігі (құрметті атағы); Қазақстанның Денсаулық сақтау ісінің Үздігі (құрметті атағы); Қазақстанның «Шапағат» мемлекеттік медалі; 2001 жылы ҚР ғылым саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. 2001 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі; 2002 жылы Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы (құрметті атағы); 2003 жылы «Жыл адамы» сыйлығы; 2005 жылы елбасының жарлығымен Құрмет ордені; 2007 жылы Ломоносов атындағы үлкен алтын медалі (Ресей); 2007 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасы; 2011 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі; ҚР тұңғыш президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке алғыс хаты; «Қазақстан денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалі; 2016 жылы Қазақстанның Еңбек ардагері мемлекеттік медалі.

Дереккөздер

Place in the family tree

Key facts

person
Раиса Сәлмағамбетқызы Күзденбаева
Жұмыс орны
ҚР Фармокология комитетінің төрайымы
Туған жері
Ақтөбе, Ақтөбе облысы, Қазақ КСР, КСРО
Туған күні
3 сәуір 1942 (1942-04-03)
Альма-матер
Ақтөбе мемлекеттік медицина инистиуты
Ғылыми аясы
.mw-parser-output .hlist dl,.mw-parser-output .hlist ol,.mw-parser-output .hlist ul{margin:0;padding:0}.mw-parser-output .hlist dd,.mw-parser-output .hlist dt,.…
Марапаттары
.mw-parser-output .ts-Қатар{width:auto;border-collapse:collapse}.mw-parser-output .ts-Қатар td{padding-right:2px;padding-left:2px;text-align:center}.mw-parser-o…
Ғылыми дәрежесі
Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигімедицина ғылымдарының докторыпрофессор
Қайтыс болған күні
27 наурыз 2026 (2026-03-27) (83 жас)