Рафиқа Бекенқызы Нұртазина
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Рафиқа Бекенқызы Нұртазина (8 наурыз 1921, 6-ауыл, Павлодар ауданы, Павлодар облысы – 1 сәуір 2013, Алматы) — қазақ ұстазы, педагог-әдістемеші, ғалым, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мұғалімі (1966), Социалистік Еңбек Ері (1968), педагогика ғылым кандидаты (1974). Қазақтың мемлекеттік қыздар педигогика институтының филология факультетін бітірген (1951). 1951 – 71 жылдары Алматыдағы №12 қазақ орта мектебінде орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, 1971 жылдан сол мектептің директоры болды. 1972 жылы республикалық педагогика қоғамның төрағасы болып сайланды. Нұртазина – 40-тан астам ғылыми әдістемелік еңбектің (орыс тілінде) авторы, ол қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиетін оқыту бағдарламасын әзірлеуге қатысты. Ленин (1968), “Құрмет белгісі” (1966) ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Отбасы
Жұбайы — Сүлейменов Дүйсен Әлібайұлы (1914-2000), мал дәрігері болған, соғыс ардагері (49-шы кавалериялық дивизияның капитаны), Отан соғысының II дәрежелі орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдар және құрмет грамоталарымен марапатталған. Балалары:
Сүлейменова Гүлнұр Дүйсенқызы (1943 жылы туған) дәрігер; Сүлейменова Элеонора Дүйсенқызы (1945 жылы туған), ЖМ ХГА академигі, филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры; Сүлейменова Баян Дүйсенқызы (1949 жылы туған), орыс тілінің оқытушысы, дефектолог-логопед, Алматы қаласындағы №9 мектеп-интернаттың директоры; Сүлейменов Нұрлан Дүйсенұлы (1952 жылы туған), биолог.
Шығармашылығы
Занимательнай грамматика, А., 1973 Книга для чтения для 5 класса казахской школы, А., 1974 Сабақ жалғасы, А., 1996 Мирастың кітабы (телавтор), А., 1998.