Shejire

Құрылтай

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Kasym Tynystanov is standing second from the left in the third row.
Sabyrbek Borubaev · Public domain

Құрылтай — түркі-моңғол ақсүйектерінің ресми кеңесі, Қазақ хандығында аса маңызды мемлекеттік мәселелерді шешуге шақырылатын жиналыс. Түркілерде, кейін Шыңғыс хан империясында Құрылтай үлкен рөл атқарған. Онда, негізінен, ұлы хан сайлау, жауланған жерлерге иелік ету және әскери жорық бағытын белгілеу мен оған әскербасы тағайындау мәселелері шешілді. Ұлыстарда да жыл сайын Шыңғыс хан әулеті мен әскери-көшпелі ақсүйектердің Құрылтайы шақырылды. 1259 ж. Мөңке ханның өлімінен кейін жалпы моңғолдық, яғни ұлы Құрылтай шақырылмайтын болды. 15 — 18 ғасырларда түркі мемлекеттерінде, соның ішінде қазақ хандығында аса маңызды мәселелерді шешу үшін Құрылтай шақырылған (қ. Қарақұмдағы халық құрылтайы, Ордабасы құрылтайы). 1920 ж. Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан секілді Орталық Азия елдерінде мемлекеті биліктің жоғары органы Құрылтай болды. Қазіргі Моңғолияның заң шығарушы органы — ұлы халық хуралы. Моңғол және түркі елдерінде бұл жиналыс, кеңес деген мағынаны білдіреді; Құрылтай — партиялардың, қозғалыстардың, т.б. өзге де қоғамдық бірлестіктердің аса маңызды мәселелерге байланысты бастапқы басқосу жиылысы.

Тарихы құрылтайлар

1992 жылы Қазақтардың бірінші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Германия, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты және дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді талқылады. Бірінші Бүкілодақтық түркология съезі (1926 ж.) 1926 жылы Бакуде өткен съезд түркі халықтарының латын жазуына көшу мәселесін талқылау үшін ұйымдастырылды. Съезге КСРО түркі халықтарының өкілдері мен шетелдік түркологтар қатысты. Жиында жаңа әліпби, түркі тілдерін үйрену және ана тілін оқыту мәселелері қаралып, бірқатар қарарлар қабылданды.

Дереккөздер