Shejire

Құдайберген Байетұлы

Place in the family tree
PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Құдайберген Байетұлы (1820 – 1887) – батыр, Қоқан хандығына қарсы соғыста (1864) ерлік көрсеткен мыңбасы. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан. Орыс патша әскерінің майоры. Ақмолда батырмен бірге Қоқан хандығының езгісіне қарсы күрес ұйымдастырған. Байетұлы 1864 жылы маусымда өз сарбаздарымен Әулие Атадағы М.Г. Черняев басқарған орыс әскеріне қосылды. Байетұлы басқарған сарбаздар Қоқан хандығынан Шымкент қаласын азат етуге қатысты. Ол Меркі – Шымкент арасындағы жол және пошта қатынасын жолға қоюға атсалысты. Байетұлының еңбегі ескеріліп, оған майор атағы (15.10.1864) берілді.

Дереккөздер