Shejire

Қожақанов Қасен

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Қожақанов Қасен Қожақанұлы [9.7.1944, Алматы облысы Балқаш ауданы Кәрітоған ауылы (қазіргі Жиделі ауылы) – 4.12.1996, Алматы] – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1994), профессор (1994). Қазақ мемлекеттік медицина институтын бітірген (1969). 1969 – 71 жылы Алматы облысы Бақанас ауданында дәрігер, 1972 – 96 жылы Алматы медицина институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) балалар хирургиясы кафедрасында қызмет атқарды. Негізгі ғылыми жұмыстары балалар өңешінің күйігін емдеуге арналған. Ол өңештің инфекциялық қабынуға ұшырау дәрежесін алғашқы күндерде-ақ анықтауға болатынын дәлелдеді. Өңештің күйген жері жазыла келе тарылып қалмауы үшін, өңеш қуысына кигізіп қоятын силикон резеңкесінен жасалған іші қуыс, қос арналы түтік ойлап тапты. Бір топ ғалымдармен бірге Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1999) атанды.

Дереккөздер

Place in the family tree