Қоян Биі
HistoryUpdated: 9/15/2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Қоян Биі — қазақ биі. Құрманғазының “Ақсақ құлан” күйінің сүйемелімен орындалады. Музыкалық өлшемі 2/4. Ырғағы екпінді. Биді атақты халық бишісі Зәрубай Құлсейітов Қоянды жәрмеңкесінде үстел үстінде тізілген шыныларды құлатпай (қоян қимылдарын бейнелеп) 40 минут билеп, жүлде алған. Бұл би 1928–1930 жылдары Зәрубай бишінің орындауында Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының концерттік бағдарламасында көрсетіліп тұрды.