Shejire

Қазақстан газеті

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

«Қазақстан» газеті (№1 16 мамыр 1911 ж.). Жазулар: Сол бағанда: Газеттің баһасы (бағасы): жылдық 6 сом, 6 айлық 1 сом 50 тиын, 3 айлық 1 сом. Адрес: Ханскій ставка Астраханской губ. Редакція Газеты Казакстана. Оң жақ баған: Газеттің асыл (негізгі) мақсұды (мақсаты): кәсіп айту, ғылым үйрену турасында. Иғлан (жарнама) баһасы: бірінші бетте 20 тиын, төртінші бетте 15 тиын.
قازاقستان كازيتي («Qazaqstan» newspaper). · Public domain

«Қазақстан» газеті - 1911 жылғы 10 наурыздан 1913 жылғы шілдеге дейін Орда қаласында, 1913 жылғы 15 қарашадан жыл аяғына дейін Оралда шығып тұрған. Мақалалар қазақ, орыс, татар тілінде жарияланған. Газет демократиялық бағыт ұстанды. “Қазақстан” 1913 жылы “Құрмет иесі оқушыларымызға” деген мақаласында (№1, 27 қаңтар) көрсетілгендей, қаржы мұқтаждығынан, 18 саны шыққаннан кейін жабылған. “Айқап” журналымен пікірталасқа барғанымен, түп мақсаттарының бір екенін түсіне білген. Негізінен отырықшылық, оқу-ағарту, өнер-білім, мәдениет, тұтынушылар коперациясын құру мәселелерін көтерген. Редакторы - Елеусін Бұйрин. Газет білім, мәдениет, отырықшылық мәселесін жиі қозғаған. Мұнда Е.Бұйрин, Б.Қаратаев, Ғ.Қараш, Ш.Бөкейұлы, Ғ.Мұсағалиев, А.Мәметов, Ғ.Көпжасаров т.б.-лардың мақалалары жарияланған. Бұл газет те ұлттың оянуына, саяси қозғалыстарға жіті қарауына себепші болды.

Дереккөздер