Shejire

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі (1980)

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

1980 жылғы 28 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.

Жетекшілігі

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Бәйкен Әшімұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары — Василий Андреевич Гребенюк. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Эрик Христофорович Гукасов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Шанкерей Жәнібекұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Эдуард Семенович Карбовский. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Құдайберген Дүйсенұлы Көпжасаров. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы — Сауық Темірбайұлы Тәкежанов.

Министрлер

Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Андрей Георгиевич Платаев. Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министрі — Тұрғанбек Қатаев. Қазақ КСР Геология министрі — Сәкен Ержанұлы Шақабаев. Қазақ КСР Дайындық министрі — Мұзаппар Дайыров. Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Төрегелді Шарманұлы. Қазақ КСР Сыртқы істер министрі — Мүсілім Базарбаев. Қазақ КСР Мәдениет министрі — Жексенбек Еркімбеков. Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрі — Уағыз Ғалымұлы Ибраһимов. Қазақ КСР Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрі — Молдан Әлдербайұлы. Қазақ КСР Орман шаруашылығы министрі — Анатолий Михайлович Зайцев. Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрі — Әбубәкір Әлиұлы Тыныбаев. Қазақ КСР Монтаж және арнайы құрылыс жұмыстары министрі — Борис Михайлович Ержанов. Қазақ КСР Ет және сүт өнеркәсібі министрі — Әріпбай Әлібайұлы. Қазақ КСР Тамақ өнеркәсібі министрі — Бөкейлен Тумабайұлы Наданбаев. Қазақ КСР Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі — Беркімбай Пәрімбетов. Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Қажахмет Балахметов. Қазақ КСР Балық шаруашылығы министрі — Ысқақ Махмұдұлы Өтеғалиев. Қазақ КСР Байланыс министрі — Әбдіразақ Алпысбайұлы Елібаев. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы құрылысы министрі — Қорған Нұрханұлы Мусин. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Михаил Георгиевич Моторико. Қазақ КСР ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылысы министрі — Александр Васильевич Ломов. Қазақ КСР Сауда министрі — Михаил Степанович Иванов. Қазақ КСР Қаржы министрі — Рымбек Ысмақұлы Байсейітов. Қазақ КСР түсті металлургия министрі — Владимир Дмитриевич Нагибин. Қазақ КСР Энергетика және электрлендіру министрі — Тимофей Иванович Батуров. Қазақ КСР Әділет министрі — Бекайдар Жүсіпов. Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрі — Владимир Қасымұлы Қадырбаев. Қазақ КСР Автомобиль жолдары министрі — Леонид Борисович Гончаров. Қазақ КСР Халықтың тұрмыстық қажетін өтеу министрі — Қасқатай Досұлы Қонақбаев. Қазақ КСР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі — Александр Иванович Чернышов. Қазақ КСР Жергілікті өнеркәсіп министрі — Әнуарбек Құлахметов. Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Зәуре Сәдуақасқызы Омарова.

Комитеттер төрағалары

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Әнет Иманақышұлы Бектемісов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Материалдық-техникалық қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Жанша Әбілғалиұлы Таңқыбаев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Еңбек жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Әубәкір Қасымқанұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Баға жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Шәймерден Қаппазұлы Нақыпов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі кәсіптік-техникалық білім беру жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Санжар Оразұлы Жандосов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Теледидар және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Хамит Хасенов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Ләйлә Ғалиқызы Ғалымжанова. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы — Василий Тарасович Шевченко. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығын өндірістік-техникалық қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Александр Михайлович Егоров Қазақ КСР мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы — Александр Константинович Брагин Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасы — Вадим Петрович Кондратович Қазақ КСР Орталық статистика басқармасының бастығы — Зинаида Павловна Троценко. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Өнеркәсіптегі жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін және тау-кен ісін қадағалау жөніндегі комитеттің төрағасы — Кемел Ғалиуллаұлы Ғалымжанов. Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің төрағасы — Петр Семенович Канцеляристов. (Қазақ КСР Министрлер Кеңесі туралы 21-бапқа сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің құрамына Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің төрағасы енгізілді.)

Дереккөздер