Қазақ КСР Министрлер Кеңесі (1951)
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
1951 жылы 31 наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен құрылған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тізімі.
Жетекшілігі
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы — Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Александр Дементьевич Гарагаш. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Исағали Шәріпұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Натан Хаимович Забежанский. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Мақфуза Сапарқызы Нұрымбаева. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Жақыпбек Жанғозин. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы — Ыбрайым Таусиқұлы Тәжиев.
Министрлер
Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Владимир Владимирович Губин. Қазақ КСР Мемлекеттік бақылау министрі — Ақай Оңғарбайұлы. Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік министрі — Алексей Петрович Бызов. Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі — Ишанбай Қарақұлұлы. Қазақ КСР Сыртқы істер министрі — Төлеген Тәжібайұлы. Қазақ КСР Кинематография министрі — Уәли Жақыпұлы. Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп министрі — Виктор Михайлович Пелевин. Қазақ КСР Орман шаруашылығы министрі — Өмірзақ Орымбаев. Қазақ КСР Орман өнеркәсібі министрі — Сайлаубай Қайнарбаев. Қазақ КСР Ет және сүт өнеркәсібі министрі — Қазтай Едігеұлы. Қазақ КСР Тамақ өнеркәсібі министрі — Мәжікен Есенұлы Бутин. Қазақ КСР Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі — Яков Епифанович Морозов. Қазақ КСР Балық өнеркәсібі министрі — Ғаббас Баймұхамедұлы Саубенов. Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі — Ахмет Дәкішұлы Дауылбаев. Қазақ КСР кеңшарлар министрі — Иван Васильевич Ивандаев. Қазақ КСР Сауда министрі — Жақыпбек Жанғозин. Қазақ КСР Қаржы министрі — Иван Авксентьевич Шугайло. Қазақ КСР Мақта шаруашылығы министрі — Ахметбек Мұхамедиярұлы Қыстауов. Қазақ КСР Әділет министрі — Мырзақадыр Нұрбаев. Қазақ КСР Автомобиль көлігі министрі — Иван Григорьевич Гаврилов. Қазақ КСР Су шаруашылығы министрі — Ысмайыл Әбдірасулұлы Юсупов. Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық министрі — Сергей Федорович Эпиктетов. Қазақ КСР Жергілікті өнеркәсіп министрі — Борис Данилович Нагаев. Қазақ КСР Жергілікті отын өнеркәсібі министрі — Петр Афанасьевич Корнеев. Қазақ КСР Ағарту ісі министрі — Әбдіхамит Ібінияұлы Сембаев. Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрі — Атымтай Қисанов.
Төрағалар және басшылар
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы өнер басқармасы басшысы — Сағынтай Ахметұлы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мәдени-ағарту мекемелері комитетінің төрағасы — Қайырғали Байғалиұлы.