Shejire

Қашаған би Әуелұлы

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Қашаған би Әуелұлы (1820, қазіргі Алматы облысы, Шелек ауданы – 1905) — Ұлы жүз Бәйдібек бабаның Албан, оның ішінде Қызылбөрік аталығынан шыққан атақты шешен, би.

Әңгімелер

Жас кезінде бір құрдасы Қашағанға: – Өзіңе атың сай келмейді-ау - дегенде Қашаған: – Тіл көзден құдай сақтасын, - деп атымды тергеп қойған болар, - деген екен. Қызылбөрік Мақсұт Қашағаннан: – Елдің билігі неден бұзылады? - деп сұрайды. – Өсек пен көре алмаушылықтан, - деп жауап беріпті би. Орманбек батыр бірде Қашағаннан: – Қарадан хан туа ма? - деп сұрайды. – Ешкім анадан хан болып тумайды. Хан болу адамның даналығында - деп жауап беріпті Қашаған би. Бірде бір атақты бай: – Қашекем, армандамайтын адам бола ма? - дегенде: – Армандамайтын адам жоқ. Қолы жетпейтінді армандағанша, еңбегіңмен жететінді армандап, зейнетін көрген жақсы - депті. Орман шешен Қашаған биден: – Қашекем, кімді пір тұтасыз? - деп сұрағанда, – Анам мен әкемді, елім мен жерімді пір - деген екен. Қашағанның содырлау бір құрдасы: – Сені ел көрген дейді, сол рас па? - депті. – Халқым көргенді мен де көрем, - дейді Қашаған. Бірде Сырлыбай датқа Қашаған биде қонақта отырып: – Дүниеде не жаман? — деп сұраған екен. Қашаған би: – Ынтымағы жоқ ел жаман. Бәрінен де халыққа қадірсіз болған сол жаман - дейді Қашаған. Қашағанның қартайған шағында Солтанбек болыс биден: – Еліңізге болашақта не тілер едіңіз? — дегенде би: – Абылайдан бірлігі болса, Райымбектей қорғаны болса, Төле бидей ғұламасы болса, бейбіт өмір тірлігі болса, құдайдан осыны тілер едім — депті.

Дереккөздер

Place in the family tree

Key facts

person
Қашаған би Әуелұлы
Ұлты
Қазақ
Қызметі
Би, Шешен
Туған күні
1820 (1820)
Қайтыс болған күні
1905 (1905)