Shejire

Қаратемір тауы

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Қаратемір – Сарыарқаның орта бөлігіндегі тау.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстікке қарай 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1082 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Шерубайнұра және Алабұға өзендері аралығымен 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 8-10 км.

Жер бедері

Сай-жыралрмен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Жаншылу белдемінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі

Аласа таудың қызғылт қоңыр топырағында жусан, көкпек, бетеге, селеу, бұталар өседі. Беткейі мал жайылымына қолайлы.

Дереккөздер

Key facts

Ені
8-10 км
Елдер
 Қазақстан, Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстікке қарай 10 км жерде
Биіктігі
1082 м
Ұзындығы
15 км
Тау жүйесі
Сарыарқа