Қараапан
HistoryUpdated: 9/15/2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Қараапан – Павлодар облысы Успен ауданының оңтүстігіндегі қыстау. Аудан орталығы Успенка ауылынан оңтүстікке қарай 8 км жерде, Тобылжан көлдерінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Қыстаудың оңтүстігінде Сусар көлі жатыр. Тегіс жер бедерінің карбонатты қара топырағында бетеге, боз, жусан, т.б. шөптесіндер өскен. Қыстау арқылы Успенка – Ульяновка қара жолы өтеді.