Shejire

Қайрат Мұқанұлы Исламқұлов

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Breastplate to a rank "the Honourable worker of education of Republic Kazakhstan".
User:Kei · Public domain

Қайрат Мұхамметқұлұлы Исламқұлов (1 маусым 1940 жылы Алматы - 24 ақпан 2017 жылы Алматы) — ғалым. Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1998). Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері (2001).

Толығырақ

Украинаның Днепродзержинск қаласындағы металлургтер училищесінде оқып, еңбек жолын Теміртау қласындағы металлургия з-тында бастаған. Мәскеу Болат және қорытпалар институтын (1962), Мәскеу машина жасау институтының аспирантурасын бітірген (1976). 1967 – 95 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында, Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болып еңбек етті. 1996 жылдан осы университеттің Шымкент бөлімінің проректоры. Ғылыми жаңалықтары Херсон комбайн зауыты, Тула қару-жарақ зауыты, Өзбекстан электркомбинаты, Кентау экскаватор, Шымкент шина, мех. және автомобиль жөндеу зауыттары өндіріс орындарына енгізілген. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998). 100-ден аса ғылыми еңбегі жарияланған. 15 авторлық және өнертапқыштық куәлігі бар.

Марапаттары

1992 жылы Техника ғылымдарының докторы (ғылыми атағы берілді); 1996 жылы профессор (ғылыми атағы); Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі; 1998 жылы елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (құрметті атағы) берілді. 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының үздік жоғарғы оқу орнының оқытушысы құрмет грамотасы; 2001 жылы Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (құрметті атағы); 2002 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі 2007 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; 2007 жылы Днепродзержинск Мемлекеттік техникалық университетінің құрметті профессоры 2015 жылы «Құрмет ордені» мен марапатталды.

Дереккөздер

Place in the family tree

Key facts

person
Қайрат Мұқанұлы Исламқұлов
Туған жері
Алматы
Туған күні
1 маусым 1940 (1940-06-01)
Азаматтығы
 КСРО Қазақ КСР Қазақстан
Альма-матер
Мәскеу мемлекеттік болат және қорытпалар иниституты
Ғылыми аясы
техника ғылымдары
Марапаттары
Құрмет ордені
Ғылыми дәрежесі
Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Техника ғылымдарының докторы, профессор
Қайтыс болған жері
Алматы