Shejire

Қайнекей Жармағамбетов

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Қайнекей Жармағамбетов (25 тамыз 1918, Қостанай облысы Жангелді ауданы Шилі ауылы — 10 қыркүйек 1974, Қостанай облысы Жангелді ауданы Шиелі) — ақын, әдебиет зерттеушісі.

ҚазПИ-ді (қазіргі АлМУ) бітірген (1941). Қазақстан Компартиясы ОК-нде нұсқаушы Қазақстан ЛКСМ ОК-нде хатшы (1941 — 1948) ҚазПИ-де аға оқытушы, директордың орынбасары (1948 — 1958) 1958 —1964 жылы “Жұлдыз”, “Ара-Шмель”, “'” журналдарының бас редакторы Қазақстан жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы, әдеби кеңесшісі қызметтерін атқарған. 1964 — 1974 жылы шығармалар жұмыста болды.

Шығармалары

Жармағамбетовтың тұңғыш туындылары 1945 жылы жарық көрді. “Заман біздікі” (1950) “Адам туралы аңыз” (1951) “Балладалар” (1962) “Соңғы түн” 1967) “Дәурен” “Сырлы тал” (1971) “Шыңдағы шамшырақ” (1976) өлеңдер жинақтары шықты. Жармағамбетов қазақ поэзиясындағы баллада жанрының дамуына елеулі үлес қосты. Сондай-ақ, ол Ә.Қашаубаев өмірі туралы “Әнші азамат” (1951) повесін жазды. И.Шиллер, А.Барто, Б.Ершов, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. “Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі” (1949, 1958, 1960) орта мектепке арналған “Қазақ совет әдебиеті” оқулығы (1948 — 1951) авторларының бірі.

Марапаттары

3 рет “Құрмет Белгісі''” ордені медальдермен марапатталған.

Дереккөздер

Place in the family tree