Оярс Якубович Витолс
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Оярс Якубович Витолс (7 тамыз 1930, Латвия Лиепая қаласы – 1987, Қарағанды қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1985).
Өмірбаяны
Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (1963 жылы, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген Қарағанды облысы туберкулез ауруына қарсы функционалдық диспансері диагностика бөлімінің дәрігері (1963–1970 ж.) 1970 жылдан Қарағанды мемлеттік медицина институтында ассистент (1970–1980), доцент (1981), ал 1985 жылдан кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Ғылыми жұмыстары
1984 жылы «Диагностика, клиника и лечение ХНЗЛ у больных туберкулезом и у лиц с остаточными туберкулезными изменениями» деген тақырыпта доктордық диссертация қорғады. Витолс өкпе туберкулезін, қосақтасқан созылмалы пневмония белгілерін зерттеп, сол ауруды анықтау және емдеу тәсілдерін тапқан; кезінде осымен байланысты алты тиімді ұсыныс жасаған. Оның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері өкпе туберкулезін емдеу мәселелеріне арналған. 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы.