Shejire

Орынбайқала

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Орынбай қала қалашығы, Қарақалпаққала (ХVІІІ-ХІХ ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш, XIX ғасырдың басында салынған Орынбай сарайының қираған орны.

Орналасқан жері

Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 130 км жерде орналасқан.

Сипаты

Қалашықты 1946-48 жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясымен (жетекшісі С. П. Толстов) зерттеген, 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген. Қалашық тікбұрышты, өлшемдері 400х300 м, төртбұрышты үйінді жалмен қоршалған. Қабырғаларының биіктігі 1-1,5 м. Қалашықтың өлшемдері 31х20 м, қабырғаларының биіктігі 4 м, қалыңдығы 70 см болатын 12 бөлменің орны мен өлшемдері 8,5х7,5 м, қабырғаларының биіктігі 2 м, қалыңдығы 50 см болатын үш бөлмелік мешіттің қалдықтары сақталған. Сыртқы бекініс қабырғасының айналасында қалашықты қоршап жатқан ор бар. Қақпа қалашықтың оңтүстік жағында орналасқан.

Дереккөздер

Key facts

Қалануы
(ХVІІІ-ХІХ ғғ.)
Мәртебесі
Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
43°50′22″ с. е. 62°32′05″ ш. б. / 43.83944° с. е. 62.53472° ш. б. / 43.83944; 62.53472 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы