Shejire

Омарова (Қайымова) Бибісара

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Бибісара Омарова (Қайымова) (Түркістан облысы, Кентау қаласы) - журналист, баспагер.

1962—1972 жылы Кентау қаласындағы №2 мектеп-интернатында оқып білім алған. 1972 жылы С.М.Киров атындағы қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1977 жылы аяқтаған. Еңбек жолын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Қайназар ауылында Ш.Уәлиханов атындағы мектепте алғашқылардың бірі болып, араб тілінен сабақ беріп бастаған. 1980—1990 жылдары Қазақ Совет Энциклопедиясында корректор, кіші редактор, редактор болып қызмет атқарған. Он екі томдық қазақ Совет Энциклопедиясының кортыңдысы — 1 томдық Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясын, он екі томдық Қазақ Совет Энциклопедиясының терминдер көрсеткіші анықтамалығын, балаларға арналған "Ол кім? Бұл не?", "Неге?" энциклопедияларын шығаруға қатысқан. "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Ұлағат" журналдарында , "Түркі әлемі" газетінде қызмет етті. 2002 жылдан "Ол-Жас" баспасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы..

Дереккөздер