Shejire

Нұрымбек Жанділдин

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Нұрымбек Жанділдин (1918 тамыздың 20, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы - 1990 жылы, Алматы қаласы) – философия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967). Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1970).

Қысқаша өмірбаяны

Үлгі:Infobox Арғын тайпасының Қаракесек руының Шаншар бөлімінн шыққан.

1941 - Қазақ педагогика гимназиясын бітірген. 1941–43 - Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы партия коммитетінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. 1944–46 - БК(б)П ОК Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, содан кейін БК(б)П ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспиранты болды. 1949 ж. - Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебінің аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі; 1951–55 - Қазақстан КП ОК-нің ғылыми және жоғары оқу орындары бөлімінің меңгерушісі; 1955 ж. - Қазақстан ҒА философия және құқық секторының меңгерушісі; 1956 ж. - Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры; 1957–65 - Қазақстан КП ОК-нің хатшысы және бюро мүшесі; 1965–67 - Қазақстан ғылым академиясының академик-хатшысы; 1967–76 - Алматы педагогика шет тілдер институтының ректоры қызметтерін атқарды. 1976 жылдан - өмірінің соңына дейін Алматы темір жол көлік инженерлері институтының (қазіргі Қазақ көлік және коммуникация академиясы) кафедра меңгерушісі болды.

Еңбектері

196] ж. «Развитие национальных отношений в КСРО» (Доклад по совокупности опубликованных работ) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері тарихи прогресс, ұлттық қатынастар мен ұлт мәдениетін дамыту, ұлттық психология мәселелеріне арналған.

Шығармалары

"Советтік Қазақстанда мәдениет пен ғылымның гүлденуі", 1956; "Природа национальной психологии", 1971; "Монолитное единство", 1976. "Еңбек Қызыл Ту" орденімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Сілтемелер

БІРІНШІ ХАТШЫДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ(қолжетпейтін сілтеме)

Place in the family tree