Николай Иванович Наковник
PersonUpdated: 9/14/2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Николай Иванович Наковник (20.05.1895, Верхнедвинск ауданы - 1975, Санкт-Петербург) - геолог-петрограф, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1946), профессор.
Ленинград мемлекеттік университетін бітірген (1930). 1923 жылдан Орталық Қазақстанда жұмыс істеген. М. П. Русаковпен бірге Семізбұғы кен орнын ашты. 1941-45 жылдары Оралдағы колчеданды кен орындарын барлап, Алтай мен Салаирдың пайдалы қазбаларын зерттеді. 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы. Негізгі ғылыми-зерттеген еңбектері қайтара түзілген кварцит пайдалы қазбаларына арналған.
Еңбек Қызыл Ту ордені «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.