Shejire

Нәзира Бәдретдинқызы Ахматуллина

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ахматуллина Нәзира Бәдретдинқызы (1930, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Степняк қ.) — ғалым, биология ғылымдарының докторы (1985), профессор (1991), Қазақстан ғылым академиясының академигі (2003). Халықаралық дәрігерлер ассоциациясының мүшесі (1999). Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1954). Қазақстан ғылым академиясының Микробиология және вирусология институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1958—73), зертхана меңгерушісі (1973—95) болды. 1995 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жалпы генетика және цитология институтында зертхана меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері молекулалық генетика мәселелерін, Қазақстанда полиомиелит ауруын жою және онымен күресу жолдарын зерттеуге арналған. А. адамның тұқым қуалау және өзгергіштік қасиетіне қоршаған ортаны радиациялық, химиялық және биогенді ластағыштардың әсерін, мутант вирустарды сұрыптау әдісін қарастырып, вирус бөлінуін тездететін жаңа тәсіл ұсынды, грипп миксовирустарының биологиясын зерттеді (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1974). Есімі Қазақстанның «Алтын кітабына» енгізілген (1981). А. 200-ден астам ғылыми мақаланың, 8 монографияның авторы.

Дереккөздер

Сыртқы сілтеме

АХМАТУЛЛИНА Нәзира Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2010 жылы.

Place in the family tree