Shejire

Михельсон кермегі

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Михельсон кермегі — тарандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Іле Алатауында (Торайғыр тауында, Шарын өзені) және Кетпентауда (Шонжы, Кеген өзені) кездеседі. Сабақтары қысқа, жапырақтары солғын жасыл түсті, жалпақ немесе ұзын қалақ тәрізді, Ұзындығы 1,5-4,5 см. Гүл сидамы көп, негізінен ирек тармақталған бұтақшалары бар. Гүлжапырағы жарғақты, ұсақ, қызғынттау жүйкелі. Тостағаншасы жалпақ ұңғы тәрізді, күлтелері сары түсті. Маусым-шілдеде гүлдеп, жеміс салады. Тұқымы ашық қоңыр түсті. Тұқымынан көбейеді. Эндемик, реликт түр болғандықтан, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Дереккөздер