Shejire

Мәуереннаһр

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Tri-coloured figurine of a foreigner
Tang Dynasty (A.D. 618 - 907)
Excavated at Xi'an, Shaanxi Province, 1955
This figure represents a foreign stableman from the Western Region of China. The presence of foreigners indicates economic and cultural exchanges between China and Western Asia during the Tang era.
Editor at Large · CC BY-SA 2.5

Мәуереннаһр (араб.: ما وراء النهر‎ — Ma Wara' un-Nahr, дәлме-дәл — «өзен әр жағы»), немесе Трансоксиана (лат. Transoxiana) немесе Фараруд (парсы: فرارود‎; — Farārud) — Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығындағы жерлер. «Мәуереннаһр» атауы 7-8 ғасырлардағы арабтардың Орталық Азияға жорықтарынан кейін пайда болды. Араб қолбасшысы Құтайба ибн Муслим 710 – 712 ж. Бұхара мен Самарқанды, 714 ж. Шаш (Ташкент) пен Фарабты (Отырар) алып, ислам дінін, араб тілін енгізді. IX-X ғасырларда Мәуереннаһр ирандық Самани әулеті (892 – 999) құрған мемлекет құрамында болды. X ғасырдың аяғынан бастап Қарахандар қолына түпкілікті көшіп, кейін мұнда Батыс Қарахан қағанаты құрылды. 12-ғасырда Хорезм шаһтарына бағынып, 13-ғасырда Моңғол империясының, 14-ғасырдың 70-жылдарынан бастап Әмір Темір мемлекетінің құрамында болды. 16-ғасырда Мұхаммед Шайбанидің Орта Азияға жорығынан кейін көшпелі өзбек мемлекетінің қол астына өтті. 16 ғасырдың аяғында қазақ ханы Тәуекел Әндіжанды, Ташкент пен Ферғананы басып алып, Мауереннаһрдың солтүстік бөлігін Қазақ хандығының құрамына қосты. 17-ғасырдың 2-жартысынан бастап мұнда Бұхара, Хиуа және Қоқан сияқты Орталық Азия хандықтары құрылды. Мәуереннаһрдың Самарқан, Бұхара, Хожант сияқты қалалары Орталық Азиядағы ірі сауда және мәдениет орталықтары болды. Мәуереннаһрдан ғылым мен мәдениетке үлкен үлес қосқан Әбу Әли ибн Сина, Бұхари, Рудаки, Ұлықбек, т.б. шықты. Қазір бұл жерлер Өзбекстан (соның ішінде Қарақалпақстан да), Қазақстан, Түрікменстан және Тәжікстанның жерлерінің бөліктеріне сәйкес.

Дереккөздер

Karte der historischen Regionen Chorasan, Transoxanien und Choresmien auf einer Kartengrundlage mit aktuellen Staatsgrenzen. Verwendete Quellen:

Putzger Historischer Atlas
Kettermann Atlas zur Geschichte des Islam
Brice An Historical Atlas of Islam
sowie Beschreibung der Regionen in den jeweiligen Artikeln.
Lencer · CC BY-SA 3.0