Shejire

Марданкүйік

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Марданкүйік – ортағасырдағы қалашық орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданы Қоғам ауылынан солтүстікке қарай 8 км жерде.

Сипаты

1949–51 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.И. Агеева, А.Н. Бернштам), 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген. Археологиялық қазбаларға қарағанда қалашық: қамалдан (цитадель), шахристан мен рабадтан тұрған. Тік төртбұрышты қамалдың биіктігі 11 м, ауданы 70-40 м. Тіктөртбұрышты шахристан орнының биіктігі 8 м. Оның солтүстік және оңтүстік қабырғалары 340 м. Шахристан мұнарасы дуалмен қоршалған. Шахристан оңтүстік жағында 8 га алаңды алған рабадпен жалғаса орналасқан. Ол биіктігі 8 м дуалмен қоршалған. Қазба жұмысы кезінде қабырғалары шикі кірпіштен қаланған тұрғын үйлердің қалдықтары, құмыра, тегенелердің сынықтары табылды. Қаланың жоғарғы қабатынан табылған мыс тиындардың бетінде арыстан бейнесі, ал сыртқы бетінде таңба секілді садақтың суреті бар. Бұл тиындар VIII ғасырға жатады. Марданкүйік шахристанынан балшық күйдіретін бірнеше пештердің орны табылды. Алмұрт тәрізді пештің от жағатын және күйдіретін екі бөлігі бар. Күйдіру камерасында от тіреу бағанасы арқылы барған, сонымен қатар бұл бағана пештің жоғарғы күмбезін де тіреп тұрған. Пешті аршу кезінде табылған көзелер XII-XIII ғасырларға жатады. Зерттеу жұмыстары орта ғасырларда Марданкүйіктің Оңтүстік Қазақстандағы қолөнер мен сауданың ірі орталықтарының бірі болғанын дәлелдейді.

Әдебиет

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Археологическая карта Казахстана, Свод Памятников истории и культуры Казахстана Южно-Казахстанская область, А.-А., 1994.

Дереккөздер

Key facts

Қалануы
І-ХV ғасырлар
Орналасуы
42°54′07″ с. е. 68°14′55″ ш. б. / 42.90194° с. е. 68.24861° ш. б. / 42.90194; 68.24861 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Түркістан облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…
Солтүстік Қазақстан
Ақкөл-Жайылма (Әулиекөл) | Бозоқ | Қаған-Қимақ | Қимақия | Сисан | Торғай