Марат Сәбитұлы Мұқанов
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Марат Сәбитұлы Мұқанов (1929 жылы 14 қараша, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы – 1998 жылы 18 мамыр, Алматы қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1989). ҚазМУ-ды (1954, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Өскемен қаласындағы Тарихи-өлкетану мұражайында (1954– 55), Қазақстан Ғылым Академиясының ұйымдастырған этнологиялық 6 экспедиция құрамында Қазақстанның 9 облысында болып, онда қазақтың этногенезі мен этнографиясы және халықтың мәдени қарым-қатынастарының тарихы жөніндегі еңбектеріне мол материалдар (1956–87) жинады. «Женские художественные промыслы казахов (историко-этнографическое исследование» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғаған. 40-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 6 монографияның авторы.
Дереккөздер
Сілтемелер
Марат Сәбитұлы