Shejire

Легкунец Раиса Ефимовна

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Легкунец Раиса Ефимовна (10.5.1938 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Киров ауданы Новоникольск ауылы) – ғалым, химия ғылымының кандидаты (1971). Әл-Фараби атындындағы ҚазҰУ-ды бітірген (1966). 1966 – 71 жылдары аспирант және ҚР ғылым академиясының Химия ғылыми институтында жұмыс істеген, 1971 – 2002 жылдары ҚазҰУ-дың химия факультетінде аға ғылыми қызметкер болды. Негізгі ғылыми еңбектері үлкен молекулалы қосылыстардың гидродинамикалық қасиеттері мен полимерлердің айқас-талғамды еріткіштер қоспасындағы әрекеті тақырыптарына арналған. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1986).

Сілтемелер

Химия Ғылым Қазақстан

Дереккөздер

Place in the family tree