Shejire

Күләш Құнантаева

Place in the family tree
PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Breastplate "For merits in development of a science of Republic Kazakhstan"
User:Kei · Public domain

Күләш Құнантайқызы Құнантаева (3 наурыз 1931 жылы, ШҚО, Ұлан ауданы, Шомқора ауылында туған) — ғалым. Қоғам және мемлекет қайраткері. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының және ҚР Педагогика ғылым академиясының құрметті академигі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000). Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Толығырақ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты (1952, қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) бітірген. Орта мектепте мұғалім (1952–54), Алматы облысы жастар одағының хатшысы (1954–59), Қазақ КСР-і ЛКЖО ОК-нің хатшысы (1959–64), Қазақ КСР-і Жоғары және орта білім беру мин-нің орынбасары (1964–67), Алматы шет тілдері институтында (қазіргі Қазақ халықар. қатынастар және әлем тілдері университеті) проректор (1967–68), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында ректор (1968–84) қызметтерін атқарды. 1984 жылдан осы университетте кафедра меңгерушісі, профессор болып қызмет атқарады. «Развитие женского образования в Казахстане (1920–1975 жж.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің 9–10-шақырылымының депутаты.

Ғылыми атақтары

1981 жылы Педагогика ғылымдарының докторы (ғылыми атағы); 1982 жылы профессор құрметті ғылыми атақтары берілді.; 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі; 2002 жыдан Грузия ұлттық ғылым академиясының академигі; 2005 жылдан ҚР Педагогика ғылым академиясының құрметті академигі.

Мемлекеттік марапаттары

Breastplate to a rank "the Honourable worker of education of Republic Kazakhstan".
User:Kei · Public domain

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені; КСРОның «Халықтар достығы» Ордені; КСРО көптеген медалдармен марапатталған. 1965 жылы «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» атағы; 1980 жылы «КСРО Жоғарғы мектебінің үздігі» атағы; 2000 жылы «Жыл адамы» сыйлығы; 2000 жылы ебасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Нагрудный знак к Почётному званию "Заслуженный деятель Казахстана"
http://sammler.ru · Public domain

Key facts

person
Күләш Құнантаева
Туған жері
ШҚО, Ұлан ауданы
Туған күні
3 наурыз 1931 (1931-03-03) (95 жас)
Азаматтығы
КСРО  Қазақ КСР Қазақстан
Альма-матер
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты
Ғылыми аясы
педагогика
Ғылыми дәрежесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Қайтыс болған күні
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).