Көшеғұл
HistoryUpdated: 9/15/2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
КӨШЕҒҰЛ– Дүйсембай және Қумола өзендерінің аңғарындағы қыстау. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Шолақ а-ның солт.-шығысында 12 км жерде орналасқан. Солт-нде Ұлытау таулары, шығысында Қызылқақ, оңт-нде Алтуатнұра, батысында Қараадыр қоныстары жатыр. Сұр және сортаң топырақ жамылғысында қара жусан, тұран жусаны, бұйырғын, теріскен, жүзгін, сораң өседі. Қыстау жазғы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.