Көктұма
HistoryUpdated: 9/15/2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Көктұма – ортағасырлық қала орны.
Орналасқан жері
Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Көктұма ауылының жанында, Алакөлдің оңтүстік-шығыс жағасында орналасқан.
Тарихи деректер
Көктұманы 1957 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеген. Табылған бұйымдардың дені қыштан жасалған заттар (хұмдар, қос құлақты құмыралар, батырып та, қалыптап та өрнектеген тақталар). Бұлар б.з. IX-XI ғасырларына жатады. Көктұма – IX ғасырда қимақтардың Дамурия деп аталған қаласы, ал Шыңғыс хан империясы кезінде өлке орталық болған. Қазір қаланың орны түгел дерлік жойылуға айналған. 1253 жылы әйгілі саяхатшы Виллем Рубрук осы қаладан өтіп кеткен.