Shejire

Кескен күйікқала

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Кескен күйікқала (I-IX ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш, Жуанқұм құмының батысындағы төбе.

Орналасқан жері

Қазалы ауданы, Кәукей ауылының солтүстік-батысында 37 км жерде, Сырдария өзенінің сол аңғарында орналасқан.

Сипаты

Ескерткішті алғаш Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) зерттеген, 2006 жылы Шірік Рабат археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Қ. Құрманқұлов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген. Жоспарында шаршы пішінді цитадельді төбешік, өлшемі 250х200 м, терең емес ормен және табанындағы 5 м болатын қам кесекті қабырғамен қоршалған. Үстінен бірқатар археологиялық материалдар жиналып алынды. Абсолюттік биіктігі 66 м. Шағыл құмтөбелі беткейлері жайпақ, етегі жазық келген. Мал жайылымына қолайлы. Төбенің тарихи қала орны тұрғысынан маңызы зор.

Дереккөздер

Key facts

Қалануы
I-IX ғғ.
Мәртебесі
Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
45°31′00″ с. е. 61°27′30″ ш. б. / 45.51667° с. е. 61.45833° ш. б. / 45.51667; 61.45833 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы