Shejire

Итауыз (қыстау)

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Итауыз– Ақжол тауының солтүстігіндегі қыстау. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Жезді кентінің солтүстік-батысынан 11 км жерде орналасқан. Қыстау Бала Жезді және Үлкен Жезді өзендерінің аңғарында, жонды-белесті ойпатта жатыр. Маңында Талдысай, Қарабұлақ қыстаулары бар. Ұсақ шоқылардың бойынан бұлақтар бастау алады. Балажезді өзенінен мал суаруға арналған су айдағыш станциясы орналасқан. Өңір мал жайылымына пайдаланылады.

Дереккөздер