Shejire

Хабиболла Құсайынұлы Оспанов

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Хабиболла Құсайынұлы Оспанов (10 шілде 1932 — 25 қараша 2022) — химия ғылымдарының докторы (1981), профессор (1983), Халықаралық және Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар ғылым академияларының академигі (1995), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнертапқышы (1976). Арғын тайпасының Бегендік руынан шыққан.

Еңбек жолы

1955 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1965) бітірген; 1955–1958 жылдары Павлодар облысы Майқайың кентіндегі мектепте мұғалім, «Майқайыңалтын» комбинатында инженер; 1958–1962 жылдары орталық лаборатория бастығы; 1965–1976 жылдары ҚазМУ-да кіші, аға ғылым қызметкер; 1976–1983 жылдары профессор; 1983–2002 жылдары кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді; 2002 жылдан ҚазҰУ-да профессор қызметін атқарады;

Ғылыми еңбектері

1979 жылы «Разработка физико-химических основ и принципов прогнозирования последовательного растворения минералов и неорганических материалов (на примере сульфидов, оксидов, силикатов)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми еңбектері негізінен химияның және электрхимияның неорганикалық физика, химия технологиясын зерттеу мәселесіне арналған. 1100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 22 монография (мысалы: «Физико-химические основы избирательного растворения минералов», 1993; «Общие принципы урегулирования действия гальванического эффекта между сульфидными в условиях гидрохимического процесса», 2004, т.б.), 20 оқулық пен оқу құралының авторы. 150 өнертабыс пен патенттердің, 3 халықаралық жаңалықтың иегері.

Дереккөздер

Place in the family tree

Key facts

person
Хабиболла Құсайынұлы Оспанов
Жұмыс орны
Қазақ ұлттық университеті
Туған жері
Баянауыл ауданы, Павлодар облысы, Қазақ КСР, КСРО
Туған күні
10 шілде 1932 (1932-07-10)
Азаматтығы
 Қазақстан
Альма-матер
Қазақ ұлттық университеті
Ғылыми аясы
химия
Марапаттары
.mw-parser-output .ts-Қатар{width:auto;border-collapse:collapse}.mw-parser-output .ts-Қатар td{padding-right:2px;padding-left:2px;text-align:center}.mw-parser-o…
Ғылыми атағы
химия ғылымдарының докторы (1981)