Shejire

Ғұбайдолла Отарұлы Ілиясов

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ғұбайдолла Отарұлы Ілиясов (1914 жыл 12 қараша, Жәнібек ауданы, Бекжан ауылы — 2001 жыл 22 қазан, Алматы) — ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, мемлекет және қоғам қайраткері.

Еңбек жолы

1938 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі ауылшаруашылық тобының бастығы қызметін атқарған. 1950-1952 жылдары — Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары. 1952-1954 жылдары — Көкшетау облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1954-1955 жылдары — Ақмола облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. 1956-1959 жылдары — Талдықорған облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1959-1961 жылдары — Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1961-1975 жылдары — Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы, аға оқытушысы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 4-5-шақырылымдарының депутаты.

Марапаттары

2 мәрте 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасымен марапатталған. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің Алтын орденімен (1954; 1956) марапатталған.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

12 қараша. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР Мұрағатталған 16 ақпанның 2015 жылы.

Place in the family tree