Shejire

Георгий Матвеевич Храпченков

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Георгий Матвеевич Храпченков (17 желтоқсан 1929, Ресей, Смоленск облысы, Рославль қаласы – 27 мамыр 1999, Жаңасібір қаласы) – педагогика ғылымдарының докторы (1989), профессор (1993). Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің үздігі (1979). Халықаралық Акмеология (1995) және ҚР Жаратылыстану ғылымы академияларының (1995) академигі.

Өмірбаяны

ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1960) бітірген. Қостанай педагогика институтында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1953–1967) Мурманск мемлекеттік педагогика институтында кафедра меңгерушісі (1967–1970) Қазақ педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1970–1986) ҚазҰПУ-да декан, доцент (1986–1991) Алматы шет тілдері институтында (1991–1998, қазіргі Қазақ халықараралық қатынастар және әлем тілдері университеті) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Ғылыми еңбектері

«Становление и развитие русско-национальных школ Средней Азии и Казахстана в конце XIX – начале XX вв.» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 100-ден астам ғылыми жарияланым мен 6 монографияның авторы.

Дереккөздер

Place in the family tree