Shejire

Геннадий Васильевич Колбин

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Геннадий Васильевич Колбин (7 мамыр 1927, Свердлов облысы – 19 қаңтар 1998, Мәскеу) – саяси қайраткер. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы (1986 – 1989).

Өмірбаяны

Нижний Тагил Тау металлургия техникумын (1947), Урал политехникалық институтын (1955) бітірген.

1947 – 54 ж. және 1957 – 58 ж. Нижний Тагилдегі қорғаныс кәсіпорнында конструктор-технолог, технология бюроның бастығы, бас инженердің орынбасары, 1956 – 57 ж. Урал политехникалық институтында аспирант болды. 1959 – 70 ж. Нижний Тагилдегі Ленин ауданында екінші, бірінші хатшы, қалалық партия ұйымының екінші, бірінші хатшысы, 1970 – 75 ж. Свердловск облысы партия комитетінің үшінші, екінші хатшысы, 1975 – 83 ж. Грузия Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы, 1983 – 86 ж. Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. 1986 – 89 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы, 1989 – 90 ж. КСРО Халықтық Бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Колбин Қазақстанда Д.А. Қонаевтың орнына келді. Оның билігі кезіндегі қысымда қазақтардың ұлттық санасы көтеріліп, 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі мен 1989 ж. Жаңаөзен оқиғасы белең алды. Қазақтар республикадағы жетекші ұлтқа айнала бастады. Колбин жергілікті халықтың саяси белсенділігін төмендету үшін жазалау шараларын күшейтті (Қылмыстық жауапкершілікке тарту, жұмыстан, оқудан шығару, тағы басқалар). Бірақ бұл шаралар еш нәтиже бермеді. Қазақстандағы саяси жағдайдың одан әрі ушығуынан қауіптенген КОКП ОК К-ді Мәскеуге алдыртып, орнына Н.Назарбаевты қоюға мәжбүр болды.

Марапаттары

Екі рет Ленин, Октябрь революциясы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Сілтемелер

Колбин Геннадий Васильевич Колбин Геннадий Васильевич Мұрағатталған 26 шілденің 2011 жылы.

Place in the family tree

Key facts

person
Геннадий Васильевич Колбин
Ізашары
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Ізбасары
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қайтыс болуы
19 қаңтар 1998 (1998-01-19) (70 жас) Мәскеу
Дүниеге келуі
7 мамыр 1927 (1927-05-07) Свердлов облысы