Shejire

Есенқұл Жақыпбеков

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Есенқұл Жақыпбеков (10.02.1954 Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бірлік ауылы - 14.11.2013) — айтыскер ақын, жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1995).

Өмірбаяны

Шапырашты руынан шыққан.

1990 жылы ҚазМУ- ді бітірген. Өмірінің соңында Жамбыл ауданының "Атамекен" газетінің бас редакторы болды.

Шығармашылығы

Суырып салма дарынымен танылған айтыскер. 1984 жылы республика телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш лауреаты атанды. Алғашқы жырлары 1984 жылы "Жалын" баспасынан шыққан "Қарлығаш" атты жинаққа енді. "Ағымнан жарыламын" (1986), "Біз екеуміз" (1990), "Жеріңе табын" (1994), "Жанқисса" (1996), "Есіл дүние-ай" "Біздің елдің жігіттері" (1999), "Бұл жаз да өтер" (2001) "Тау басында кәрі қар" "Тазқара құстың тағдыры" атты өлең жинақтары жарық көрген.

Ән-термелері

"Алдай-ау" "Өзіңді аңсап" "Бақ пенен қызыр қонса да" "Өнер адамы" "Жұлдыздар бәрін болжайды", т.б. көптеген ән-термелері де ел арасында кеңінен таралған. </ref>

Дереккөздер

Place in the family tree