Есбол Өмірбаев
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Есбол Өмірбаев (1916, Маңғыстау ауданы – 1988) – педагог, өлкетанушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
Білімі
Орал мұғалімдер институтын (1940) бітірген. Атырау педагогикалық институтын (1962) бітірген.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 16 жасында 3-Интернационал ұжымшарында балықшы болып бастаған. Форт-Шевченко қаласындағы мектептерде оқу ісінің меңгерушісі, директор болып қызмет атқарған. 1962 – 82 ж. Т.Г. Шевченко мұражайының директоры 1982 – 88 ж. Форт-Шевченкода Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры болды.
Шығармашылығы
Маңғыстау тарихы жайында газет-журналдарда 100-ден астам мақала, зерттеу еңбектері жарияланды.
Мақалалары
«Маңғыстау – Атыраудың замандасы» «Революция от-жалынында» «Екі халықтың перзенті»
Кітаптары
«Октябрь арайында» «Маңғыстау» «Гүлденді өмір».
Марапаттары
«Халық ағарту ісінің үздігі» атағына ие болды.
Есте қалдыру
Форт-Шевченко қаласындағы этнографиялық музей Өмірбаев атымен аталады.