Shejire

Еркежан Ибаққызы

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Еркежан Ибаққызы (1858-1927) - Абайдың әмеңгерлік жолмен алған әйелі. Еркежан Тобықтының Мәмбетей Тасболат атасынан. Оны Құнанбай баласы Оспанға айттырып әперген. 1891 ж. Оспан қайтыс болған соң, Еркежан өз ықтиярымен Абайды таңдаған. Зере мен Ұлжанды өзіне өнеге тұтып, жақсы қасиеттерін бойына сіңірген Еркежан атасы Құнанбайды, Оспан мен Абайды, Ділдә мен Әйгерімді ақ жауып, арулап өз қолынан ақтық сапарға аттандырған. Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйінде Еркежан тұтынған, бетін үйектеп оюлап, күмістеп жасаған ағаш төсегі, төсек жапқышы, бет орамалы, камзолының кезіне құнды тас қондырылған екі түймесі сақтаулы. Еркежан денесі Жидебайдағы Оспан мен Абайдың төрт құлақты зираты қасына қойылған.

Дереккөздер

Place in the family tree

Key facts

person
Еркежан Ибаққызы
Туған күні
1858 (1858)
Қайтыс болған күні
1927 (1927)