Shejire

Дәулеткерей сұлтан

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Дәулеткерей (кейбір деректерде Даулеткеле, Довлет-Керей)(туған-өлген жылы белгісіз) - сұлтан. Қытайда білім алған, қытай тілін жақсы меңгерген. Дәулеткерей дипломатиялық тапсырмалармен бірнеше рет Пекинде болған. 1760 жылы Жолбарыс сұлтанмен бірге Абылайдың Қытайға жіберген елшілігін бастап барды. Елшіліктің басты міндеті - кезінде ойраттар басып алған қазақ жерлерінің босауына байланысты, мұнда қазақтардың еркін көшіп-қонуына қатысты мәселелерді шешу болды. Сонымен қатар қазақтарға тұтқынға түскен Цинь императорының қол астына қарайтын ұранқайлықтарды қайтару осы елшілікке тапсырылды. Пекинде бұл елшілікке барлық сый-құрмет көрсетілді. Қазақ-Қоқан қарым-қатынастарының шиеленісуіне байланысты Дәулеткерей Абылайдың тапсыруы бойынша 1767 жылы Қытайға (әскери көмек сұрау мәселесімен) қазақ елшілігін бастап барды.

Дереккөздер