Shejire

Булаев

HistoryUpdated: 9/15/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Станция Булаево
MikSed · CC BY-SA 4.0

Булаев — Солтүстік Қазақстан облысындағы қала, Мағжан Жұмабаев ауданының (1928) және Булаев қалалық әкімдігі орталығы.

Географиялық орны

Облыс орталығы – Петропавл қаласынан шығысқа қарай 90 км жерде, Транссібір (Оңтүстік Сібір) темір жол магистралінің бойында, “Қамыстысай” деп аталатын ұзын, кең сайда, орманды белдемде орналасқан.

Тарихы

Іргесі 1894 жылы Транссібір темір жол магистралін салуға байланысты темір жол станциясы ретінде қаланды. 1936 жылдан аудан орталығы. Қалада май, ұн зауыттары, астық қоймасы, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Жалпы білім беретін мектептер, 2 мәдениет үйі, аурухана, туберкулезге қарсы диспансер, санитарлық-эпидемиологиялық стансасы, т.б. мекемелер бар. Булаев арқылы мемлекетаралық маңызы бар Петропавл — Омбы автомобиль жолы өтеді.

Халқы

1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 9638 адам (4752 ер адам және 4886 әйел адам) болса, 2009 жылы 8433 адамды (3950 ер адам және 4483 әйел адам) құрады.

Дереккөздер

Key facts

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Әкімі
Азамат Жаңбырбайұлы Қыраубаев
Ауданы
Мағжан Жұмабаев
Облысы
Солтүстік Қазақстан
Статусы
Аудан орталығы
Тұрғыны
8 590[1] адам (2023)
Уақыт белдеуі
UTC+5:00
Координаттары
54°53′58″ с. е. 70°26′43″ ш. б. / 54.89944° с. е. 70.44528° ш. б. / 54.89944; 70.44528 (G)&…