Shejire

Болат Әбішұлы Байтанаев

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ezra Cornell's first book
Public domain

Болат Әбішұлы Байтанаев (20.2.1944, Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 20.8. 1998, Шымкент қаласы) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996).

Өмірбаяны

Шымкент педагогика институтын (1967, қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген. ҚазПИ-дің (1972, қазіргі ҚазҰПУ) аспирантурасын бітірген. Шымкент педагогика мәдениет институтында аға оқытушы (1967–1969), педагогика институтында кафедра меңгерушісі (1976–1978) Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, декан, аға ғылыми қызметкер (1978–1981) Шымкент педагогика институтында (1981–1988) қызметтер атқарған. 1996 жылдан өмірінің соңына дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде декан, кафедра меңгерушісі, профессор.

Ғылыми жұмыстары

1994 жылы «Қазақ романының көркемдік құрамындағы ауызша-ақындық дәстүрлер» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 50-ден астам ғылым жарияланымның авторы.

Дереккөздер

Place in the family tree