Shejire

Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы

PersonUpdated: 9/14/2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Нагрудный знак к Почётному званию "Заслуженный деятель Казахстана"
http://sammler.ru · Public domain

Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева (1945 жылы 1 мамырда ШҚО, Тарбағатай ауданы Жетіарал - 2014 жылы) — даңқты мұғалім. КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері (1990). Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, профессор. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері.

Толығырақ

Қанипа Омарғалиқызы 1945 жылы 1 мамырда ШҚО, Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1968 жылдан - 1980 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Жетіарал мектебінде мұғалім, оку ісінің менгерушісі болып жұмыс істеген. 1980 жылдан - 1991 жылға дейін Өскемен қаласындағы Жамбыл гимназия-интернатында мұғалім. 1991 жылдан Өскемен қаласында Бітібаеваның республикалық атаулы мектебі жұмыс істейді. Жоғары оку орындарының студенттеріне арналған "Әдебиет оқыту әдістемесі" кітабы жары көрген. Іс-тәжірибесі туралы бірнеше оқу фильмдері түсірілген.

Ғылыми атақтары

Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің құрметті профессоры; Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры; Қазақстан - Америка еркін университетінің құрметті профессоры; Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті акдемигі; ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру республикалық институтының профессоры; Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (құрметті атағы); Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі Ыбырай Алтынсарин атындағы құрметті төсбелгісінің иегері.

Мемлекеттік марапаттары

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасы Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі КСРО халық ағарту ісінің үздігі Бүкілодақтық Крупская медалі Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (құрметті атағы); ҚР Білім беру ісінің үздігі 1990 жылы Мәскеуде КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мұғалімі (құрметті атағы). 2004 жылы Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат Құрмет орденімен марапатталды. 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері. 2013 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. АҚШ-тағы Аризона штаты, Тусон қаласының Құрметті азаматы. Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы. Тарбағатай ауданының құрметті азаматы. Маңғол Халықтық Республикасының "Даңқты ұстаз" алтын Орденінің иегері. Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері. «Еңбек ардагері» медалінің иегері. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Лидер образования» медалінің иегері.

Дереккөздер

Place in the family tree

Key facts

person
Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы
Туған жері
Шығыс Қазақстан облысыТарбағатай ауданы
Туған күні
1 мамыр 1945 (1945-05-01)
Азаматтығы
 КСРО Қазақ КСР Қазақстан
Альма-матер
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Ғылыми аясы
педагогика
Марапаттары
Құрмет ордені
Ғылыми дәрежесі
ҚР Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі профессор
Қайтыс болған күні
2014 (2014)